Зейнеткерлермен Жаңа Конституция жобасына арналған кездесу өтті

Зейнеткерлермен Жаңа Конституция жобасына арналған кездесу өтті

Астана қаласының Сарайшық ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» бастамасы аясында Астана қалалық жалпыұлттық коалиция штабының өкілдері қатысушыларға Ата заңның негізгі ережелері мен өзгерістерін жан-жақты түсіндірді.

Делегация құрамында Астана қаласы мәслихатының депутаты Мадина Әжікенова, AMANAT партиясы Астана қалалық филиалы саяси бөлімінің басшысы, ақын-жазушы Әбдіғани Бәзілханұлы, «Ақ жол» партиясының мүшесі Бауржан Джангунаков, «Respublica» партиясының мүшесі, фракцияның менеджер-талдаушысы Жақсылық Киікбаев, сондай-ақ «Турсын Астана – 2» МИБ төрағасы Қуаныш Оспанов болды.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Іс-шара ашық диалог форматында өтті.