Жас спортшылар арасында киокушинкай-кан каратэден қалалық біріншілік өтті

Жас спортшылар арасында киокушинкай-кан каратэден қалалық біріншілік өтті
фото: Астана қаласының Полиция департаменті

Елордада есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында жас спортшылар арасында киокушинкай-кан каратэден қалалық біріншілік өтті. Жарысқа 6-17 жас аралығындағы 200-ден астам жас спортшы қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жарысты «Республикалық Киокушинкай-кан каратэ ұлттық федерациясы» қоғамдық бірлестігі «Esirtkisiz Elorda» жобасы аясында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының, Астана қаласы Полиция департаментінің және қала прокуратурасының қолдауымен ұйымдастырды.

Жас спортшылар үшін жарыс өз шеберліктерін шыңдап, жеңіс үшін бақ сынау мүмкіндігі ғана емес, спорттық әрі достық ортада уақыт өткізудің жақсы мүмкіндігі болды. Татамиде жас спортшылар тәртіптілігін, төзімділігін, мінезінің беріктігін және қарсыластарына деген құрметін көрсетті.

Жарыстың ерекше атмосферасын ата-аналардың қолдауы қалыптастырды. Олар балаларына жанкүйер болып, әр жекпе-жолға алаңдап, жас спортшылардың жетістіктеріне бірге қуанды. Ата-аналардың балаларының қызығушылықтарына көңіл бөлуі, спортпен айналысуға деген талпынысын қолдауы және жарыстарға өздері қатысуы жасөспірімдердің дұрыс өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға ықпал етеді.

Елорда полициясының профилактикалық жұмысы барлық бағыт бойынша, оның ішінде спорттық және жастар бастамаларын қолдау арқылы да жүргізіледі. Мұндай іс-шаралар балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, оларды спортпен айналысуға тартуға және салауатты өмір салты табиғи таңдау болатын орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Спорт тәртіптілікке, өзіне деген сенімділікке және жауапкершілікке тәрбиелейді. Осындай құндылықтар жас ұрпаққа дұрыс таңдау жасап, өз мақсаттарына сенімді түрде қадам басуға көмектеседі.