Запастағы әскери міндеттілердің әскери жиындары өткізілуде

Запастағы әскери міндеттілердің әскери жиындары өткізілуде
фото: «Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Астана қаласының аумақтық қорғанысының әзірлік деңгейін арттыру, сондай-ақ запастағы әскери міндеттілердің білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында 2026 жылғы 7-16 қыркүйек аралығында 99255 әскери бөлімінің запастағы әскери міндеттілерімен әскери жиын өткізілуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Әскери жиын барысында әскери міндеттілер әскери қызметтің негізгі бағыттары бойынша даярлықтан өтіп, бұрын алған білімдерін жетілдіреді және аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің құрамында қойылған міндеттерді орындауға қажетті практикалық дағдыларды меңгереді.