Президент Қ.К.Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысушылар алдында сөз сөйлеп, табиғатқа қамқорлық жасау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау халықтың өмір салтының ажырамас бөлігі болып табылатынын атап өтті. Осыған орай Құрылтай депутаты Жанарбек Әшімжан пікір білдірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
-ТАЗА ҚАЗАҚСТАН — тек экологиялық қана акция ма?!. Бұл — Ардың, Алақанның, Жүректің, Кісіліктің, Кішіліктің, Қоғамның, Сананың, Жүйенің, қарым-қатынастың тазалығы. ТАЗА ҚАЗАҚСТАН — сенбілік қана емес, МӘДЕНИЕТ!
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН — кезекті науқан емес! Президенттің бүкілхалықтық бастамасын солай қабылдаймын. Осынау жауапты да тағдырлы кезеңде барлық салаға күн сайын, сәт сайын, сағат сайын сенбілік керек…Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акцияға қатысып, жастар мен экобелсенділердің алдында арнайы сөз сөйледі, - деп жазды ол әлеуметтік парақшасында.