Жаңа конституцияда Қазақстан Халық Кеңесінің мәртебесі мен өкілеттіктері айқындалды

Жаңа конституцияда Қазақстан Халық Кеңесінің мәртебесі мен өкілеттіктері айқындалды
фото: Aqorda

Қазақстанның жаңа конституциялық моделінде Қазақстан Халық Кеңесінің мәртебесі мен өкілеттіктері айқындалды. Оның маңызды мүмкіндіктерінің бірі – заң шығару бастамасы құқығы. Бұл қоғамдық мүдделерді заңнамалық деңгейде көтеруге және азаматтардың елдегі саяси үдерістерге қатысу тетіктерін кеңейтуге жол ашады.

Кеңестің қызметі қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлікті нығайту және ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеумен де байланысты. Жаңа институттың тиімділігі оның өкілеттіктерін іс жүзінде жүзеге асыруына және қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтуына тәуелді.