Қазақстанның жаңа Конституциясында мемлекет пен қоғамның дамуын айқындайтын құндылықтық қағидаттарға ерекше назар аударылған, депхабарлайды astana-akshamy.kz.
Жаңа Конституция «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп» сияқты негізгі бағдарларды бекітеді. Бұл қағидаттар Негізгі заңның кіріспесінде көрініс тауып, әділетті мемлекеттік басқаруға, заңдылықты нығайтуға және мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыруға бағытталған курсты айқындайды.
Сонымен қатар, Конституция мемлекеттің іргелі қағидаттарын жеке бекітеді. Олардың қатарында егемендік, ұлттық бірлік, қоғамдық келісім, тұрақтылық, азаматтардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау бар. Бұл адам құқықтары мен елдің орнықты дамуы мемлекеттік саясаттың негізі екенін білдіреді.
#Конституция #Қазақстан #ЖаңаКонституция #Үкімет