Астанада «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында әлеуметтік-құқықтық дамуды қамтамасыз ету және осы бағытта табанды еңбек ету тақырыбында конференция өтті. Іс шараны «Реабилитациялық технологиялар және тұжырымдамалар» ҚҚ ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Айта кету керек, «Реабилитациялық технологиялар және тұжырымдамалар» қоғамдық қоры бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және бас бостандығын шектеусіз жазасын өтеген азаматтармен жұмыс істейді. Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтендіру және оңалту бойынша қызметтер көрсету» жобасын жүзеге асыруда. 2026 жылдың қазанына дейін «Реабилитациялық технологиялар және тұжырымдамалар» ҚҚ арқылы 781 азамат тіркеліп, оларға көмек көрсетілген.

- «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды әлеуметтендіру және оңалту бойынша қызметтер көрсету» жұмысы жүргізіліп тұрады. Мұндай іс шараны жиі ұйымдастырып тұрамыз. Біз қолымыздан келгенінше барлық адамдарға қолұшын беруге дайынбыз. Бұл жолғы конференция «Заң мен тәртіп» аясында өтіп отыр, -деді «Реабилитациялық технологиялар және тұжырымдамалар» Қоғамдық қорының директоры Орынбасар Құлжабаева.