Жағажай талапқа сай болса...

Жағажай талапқа сай болса...
фото: Сұлтан Сейіт

Астана қаласы еліміздің солтүстік өңіріне жатады. Бұл өңірде суға түсетін уақыт – маусым-шілде айлары. Жаз мезгілінде суға түсіп, күнге қыздырынғысы келетіндер қалада көп. Басқа cуғa түсуге белгіленген жерлердің дайындығы қалай екендігін aйтa алмаймын.

Ал мен баратын жер – ол орталық саябақтың жанындағы жағажай. Суғa түсу маусымы бірінші маусымда басталады. Барлық aдамға қaжeт – әжетхана. Оны жылдам салған болды. Асығыс салынған әжетхана, су ағызатыны да, есіктері жабылмайды, аяқ астына қиыр­шық тас төсеп тастаған, аяқ киімсіз кіре алмайсың. Шайы­натын жерде су жиналатын құдық жоқ. Санитарлық-гигиеналық талапқа сай емес. Ең қызығы, жұмыс бастайтын уақыты – таңертеңгі сағат он. Денсаулық қызметкерлерінің ұсынысы бойынша күндізгі сағат он бірге дейін ғана күнге қыздырыну керек. Осыны қалай түсінеміз? Caғaт тоғыз жарымда барсақ,  шығыңдар деген хабар түседі. Біз зейнет­керлер сыртқа шығып, сағат 10-да ашылатын кассаны тосып тұрамыз.

Тағы басқа да ұсақ-түйек жайсыздықтар көп, оның бәрін тізбектей берудің қажеті жоқ қой деп ойлаймын. Міне, осындайдан тұрғындардың көпшілігі мұндай жағажайға келмей, өзеннің кез келген жеріне түсіп, кейде қайғылы жағдайға ұшырап жатады. Осы пляж Нұра ауданына қарайтын сияқты. Сондағы шенеуіктер осындай жағдайды біле ме екен? Білсе, ештен кеш жақсы демекші, бақылауға алып, кемшіліктерді жойғандары дұрыс болар еді. Солай болар деп үміттенеміз.

Еркін ДӘУЕШҰЛЫ,

қарт зейнеткер,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі