Ұландықтар жоғалған елордалық баланы ата-анасына табыстады

Ұландықтар жоғалған елордалық баланы ата-анасына табыстады
фото: ҚР Ұлттық ұланы

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін атқару барысында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері үш жасар жоғалған баланы тауып, ата-анасына аман-есен қайтарып берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Оқиға елорда көшелерінің бірінде сағат 20:00 шамасында болған. Патрульдеу кезінде әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Ертілек Беркінов, сондай-ақ патрульдеуші сарбаздар Әсет Болат пен Қалтай Әліп көшеде жалғыз жүрген кішкентай баланы байқайды.

Әскери қызметшілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дереу оның жеке басын анықтау және ата-анасын іздеу шараларын ұйымдастырады. Жедел жүргізілген іс-әрекеттердің нәтижесінде баланың жақындары табылып, балақай аман-есен ата-анасына табысталды.

Баланың ата-анасы ұландықтарға қырағы қызметтері, жедел көмектері үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.

Құқықтық тәртіп әскерінің жауынгерлері қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерді орындай отырып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әрқашан көмекке келуге дайын екендіктерін тағы да растады.