Үкімет Астана қаласы Бас жоспарының жаңа редакциясын бекітті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Елорданың басты құжатында қоғамдық жолаушылар көлігін дамытуға жеке бөлім арналған. Бүгінде қалада жолаушы тасымалына қатысты негізгі жүктеме автобустарға түсіп отыр. Осыған байланысты Бас жоспарда қала ішіндегі жолаушылар тасымалы жүйесін айтарлықтай дамыту қажеттігі туралы айтылған.
Tarlan Astana
Құжатта жеңіл рельсті көлікті дамытудың арнайы схемасы қабылданып, желілер жолаушы легі көп болатын негізгі бағыттар бойынша тармақталған.
Жоспар бойынша:
* Tarlan Astana желілеріндегі әр жылжымалы құрамның сыйымдылығы – 650 жолаушы;
* 2035 жылға қарай 3 маршрут іске қосылуы мүмкін, оларға қызмет көрсету үшін 16 бірлік жылжымалы құрам жеткілікті.
Қоғамдық көлік
2035 жылға қарай:
* тәуліктік жолаушы тасымалы 1,5 млн адамға жуықтайды;
* тәуліктік тасымал көлемі 2,1 есе артады;
* жолаушыларға қызмет көрсету үшін жылжымалы құрам саны көбейтіледі.
Қала жоспарында әрқайсысы 250 бірлік жылжымалы құрамға арналатын жаңа автобус парктерін ұйымдастыру үшін 11 гектардан 2 алаң, сондай-ақ перспективада 200 бірлік жылжымалы құрамға дейін дамыту резервімен (2035 жылға – 65 бірлік) трамвай паркін ұйымдастыру үшін 8 гектар алаң резервтеледі. Жаңа көлік парктерінің бәрін сол жағалау аумағында орналастыру ұсынылады.