ТЖМ ұшағы Ақтөбеден науқасты Астанаға жеткізді

ТЖМ ұшағы Ақтөбеден науқасты Астанаға жеткізді

 Қазақстан ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшағы Ақтөбе-Астана бағыты бойынша санитарлық рейс жасады. Самара-Шымкент жолында болған жол апатында жарақат алған 50 жастағы ер адам елордаға жеткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, оны шұғыл түрде Астанаға тасымалдау қажет болды.

Ұшақ медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, бортта дәрігерлер үздіксіз бақылау жүргізді.

ТЖМ экипажы мен медициналық бригада науқастың қауіпсіз және жылдам жеткізілуін қамтамасыз етті. Ер адам елордалық мамандардың бақылауымен емін жалғастырады.