Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді
фото: Астана қаласының әкімдігі

Елдегі «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде республикалық «Таза Қазақстан»  экологиялық науқаны аясында Жетісу саябағында  қоғамдық тәртіп пен көгалдандыру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында  рейді ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Басты мақсат – қоғамдық тазалықты сақтап, мәдениет пен әдеп қағидаларын арттырып, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосу. Сондай-ақ қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау – бұл жарқын келешекке қарай бет бұру екендігін аңғарту болып саналады.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» бастамалары аясында тұрғындарды тазалықты сақтауға, қоқысты арнайы орындарға тастауға және қоғамдық тәртіпті құрметтеуге шақырамыз. Қаламыздың тазалығы мен қауіпсіздігі – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Іс-шараның мән-мағынасы жайында Астана қаласы Есіл ауданы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Әли Жолтабар  түсіндіріп берді.

– Есіл ауданы әкімдігі, полиция қызметкерлері бірлесіп  «Жетісу саябағында» арнайы «Таза Қазақстан» акциясы аясында рейд жүргізілді. Аталған рейдтік түсіндірме жұмыстары жасалды. Ең басты мақсаты – осы аудан тұрғындары мен қонақтарына қоршаған орта тазалығын сақтау, – деді ол.