Тұран даңғылында жөндеу жүргізіледі

Тұран даңғылында жөндеу жүргізіледі

Астанада Тұран даңғылының учаскесіне жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Орынбор көшесінен Бұқар Жырау көшесіне дейінгі Тұран даңғылында Барыс Арена спорт кешенінің алдындағы жолдың жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыс жүргізіледі.

Аталмыш жол учаскесі осы жылдың 22-23 тамызы аралығында толығымен жабылады.

Жол жөндеу кезеңінде «The Square Бизнес-орталығы» және «Барыс-Арена СК» аялдамаларына қалалық қоғамдық көліктер қызмет көрсетпейді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.