Триатлон саябағында 3×3 баскетболынан «Astana Open 3x3» ашық турнирі мәресіне жетті

Триатлон саябағында 3×3 баскетболынан «Astana Open 3x3» ашық турнирі мәресіне жетті
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанадағы Триатлон саябағында 3×3 баскетболынан «Astana Open 3x3» ашық турнирі өз мәресіне жетті. Жарысқа Қазақстанның жеті өңірінен келген 109 команда, яғни 400-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Турнирге Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл қалалары мен Ақмола облысының спортшылары қатысты.

Үш жарыс күні ішінде бекітілген регламент пен 3×3 баскетболының қолданыстағы ережелеріне сәйкес 189 ресми матч өткізілді.

Турнир бұқаралық спортты дамытуға, 3×3 форматындағы баскетболды кеңінен насихаттауға, салауатты өмір салтын дәріптеуге, үздік спортшыларды анықтауға және ел өңірлері арасындағы спорттық байланысты нығайтуға бағытталды.

Жарыс барысында ұйымдастыру комитеті жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп қоғамдық тәртіпті, қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін, медициналық сүйемелдеуді, өрт қауіпсіздігін және спорттық инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті.

Турнир қорытындысы бойынша «Astana Open 3×3» жарысы қатысушылар мен қонақтардың жоғары бағасына ие болып, ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Сондай-ақ ол бұқаралық спортты дамыту мен елордада баскетболды кеңінен насихаттауға үлес қосқан маңызды спорттық іс-шаралардың біріне айналды.