Қолданушылар үшін ыңғайлы болу үшін және жауаптыларды анықтау мақсатында өтініштер 21 санатқа бөлінген, олардың ішінде аумақтарды тазалау, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын шығару, көшелерді абаттандыру, көгалдандыру, жолдарды жөндеу, су айдындарын тазалау және басқа бағыттар бар.

Биылғы жылы чат-бот арқылы 24 314 өтініш түсті, олардың ішінде:
• орындалғаны — 22 489;
• орындалуда — 224;
• тоқтатылғаны — 1 601.

Ең көп көтерілген мәселелер – аумақтарды тазалау, тұрмыстық қалдықтарды шығару, көшелерді абаттандыру және жол жөндеу.

@TazaQazBot чат-ботының жұмысы қоғамдық бақылауды күшейтуге, экологиялық мәселелерге жедел әрекет етуге және мемлекеттік органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметінің ашықтығын арттыруға септігін тигізеді.