Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Астанада

Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Астанада
фото: Астана қаласының әкімдігі

3–4 қазан күндері Астана қаласындағы Қарқаралы, 1 мекенжайында орналасқан ипподром аумағында Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жәрмеңкеге Өскемен қаласы мен облыстың 11 ауданынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам өнім түрі ұсынылады. Оның ішінде ет, сүт өнімдері, балық, бал және омарташылық өнімдер, өсімдік майы, жарма, шұжық өнімдері, қымыз, ұлттық өнімдер және тағы да басқа тауарлар бар.

Астана қаласы, Қарқаралы, 1, ипподром
3–4 қазан 2026 жыл
07:00–18:00

Өнімдер нарықтағы бағадан 15–20%-ға төмен бағада сатылады.

Шығыс Қазақстанның сапалы өнімін елордада бірге тамашалайық!