Суретшілер мен шығармашыл жандарды муралдар мен граффити жасауға шақырады

Суретшілер мен шығармашыл жандарды муралдар мен граффити жасауға шақырады
фото: Астана қаласының әкімдігі

Алматы ауданы әкімінің аппараты суретшілер мен шығармашыл жандарды муралдар мен граффити жасауға шақырады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қалалық кеңістікті көркейтуге бағытталған тың идеяларыңыз бар, ғимараттардың қабырғалары мен қоғамдық орындарды безендіруге арналған қызықты көркемдік шешімдер ұсынуға дайын талантты суретшілер мен шығармашыл жандар аудан әкімдігі бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.

Басты мақсат – ауданның көркін арттыру, жайлы қалалық орта қалыптастыру және шығармашылық әлеуетті игі істерге бағыттау. Сонымен қатар, граффитиді заңсыз салу мен вандализмнің алдын алу.

Өтінім беру үшін:

1. Болашақ муралдың немесе граффитидің эскизін дайындау.

2. Идея мен тұжырымдаманың сипаттамасын ұсыну. Онда өз туындыңыз арқылы жеткізгіңіз келетін мағына мен ойды көрсету қажет.

Барлық ұсыныс қарастырылады. Эскиз келісілгеннен кейін жобаны жүзеге асыратын орын анықталады.

Өтінімдер мен ұсыныстар төмендегі телефон нөмірі бойынша қабылданады:

8 708 928 80 30 – Аяна Қанат, Алматы ауданы әкімінің кеңесшісі.