Табиғи ресурстарды қорғау қағидалары ортақ жауапкершілігімізді айқындайды

Табиғи ресурстарды қорғау қағидалары ортақ жауапкершілігімізді айқындайды
фото: Aqorda

Табиғатты қорғау мәдениеті әр адамның өмір салтынан көрініс табуы керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қоршаған ортаны сақтау мен экологиялық сананы қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударып келеді. Конституцияда бекітілген табиғи ресурстарды қорғау қағидалары осы бағыттағы ортақ жауапкершілігімізді айқындайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қоршаған ортаның тазалығы мен табиғи байлықтардың сақталуы нақты іс-әрекетке байланысты. Ағаштарды күту, суды үнемдеу, қоғамдық орындарды таза ұстау және тарихи мұраларды қорғау сияқты қарапайым қадамдардың өзі үлкен нәтижеге жол ашады. Бүгін табиғатқа жанашырлықпен қарау арқылы біз келешек ұрпақтың өмір сапасына әсер етеміз. Сондықтан экологиялық жауапкершілік уақытша науқан емес, қоғамның тұрақты құндылығына айналуы тиіс.