Шетелдік инвесторлар алдағы Құрылтай сайлауын Қазақстанның саяси жүйесін дамытудағы маңызды қадам деп санайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz 24.kz арнасына сілтеме жасап.
Олардың пікірінше, бір палаталы парламентке көшу заң шығару үдерісін жеңілдетіп, ашық әрі тиімді етеді. Жаңа модель – органның ролін күшейтіп, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар Құрылтайдың өкілеттіктерін кеңейту арқылы парламенттік бақылау нығаяды. «Қабылданатын шешімдердің сапасы жақсарады», - дейді сарапшылар.
- Белгілі бір деңгейде бұл модель халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Көптеген мемлекет, әсіресе Еуропаның бірқатар елі, бір палаталы парламент жүйесімен табысты жұмыс істеп келеді. Бұл демократиялық бақылауға нұқсан келтірмей, шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді, - дейді «KAZ CAPITAL SDN BHD» компаниясының төрағасы Шахул Хамид Бин Мохд Исмаил.
- Қазақстан Құрылтайына сайлау жалпы Еуразия кеңістігі үшін де маңызды саяси оқиға. Өйткені бұл халық билігінің егемен үлгілерін қалыптастырудағы маңызды үрдісті айқын көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан көшбасшы елдердің бірі, - дейді Беларусь ұлттық кітапханасының бас директоры Вадим Гигин.