Сарыбұлақ өзенінің жағалауы тазартылды

Сарыбұлақ өзенінің жағалауы тазартылды
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада Сарыбұлақ өзенінің жағалау аумағын тазарту және абаттандыру мақсатында «Таза жағалау» ауқымды экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Таза жағалау» экологиялық акциясы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен, Астана қаласы әкімдігі мен Астана қаласы бойынша Экология департаментінің қолдауымен өткізілуде. Жағалау аумақтарын тазалауға «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері белсене атсалысты.

Акция «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында өтіп, жағалау аумағының тазалығын сақтауға және табиғатқа ұқыпты қарауға бағытталды.

«Бүгін «Таза жағалау» экологиялық акциясы аясында жағалау аумақтары мен су айдындарына іргелес аумақтар тазартылуда. Астанада акция барысында Сарыбұлақ өзенінің айналасы қоқыстан тазартылды. Мұндай іс-шаралар жағалау аумақтарының тазалығын сақтауға ғана емес, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға да ықпал етеді. Табиғатқа жанашырлық танытып, қала аумақтарын таза ұстау әрбір адам өз үлесін қоса алатын ортақ міндетке айналуы маңызды», — деді Астана қаласы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары Әлімжан Жанбатыр.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan