Сарыарқа ауданында наркограффитиді бояу бойынша акция өткізілді

Сарыарқа ауданында наркограффитиді бояу  бойынша акция өткізілді
фото: Астана қаласының әкімдігі

«Заң және тәртіп» идеологиясын, «Zhastarмен» жобасын іске асыру аясында Сарыарқа ауданының аумағында есірткі құралдарын насихаттайтын жазбалар мен бейнелерді анықтау және оларды бояп өшіру бойынша бірлескен профилактикалық іс-шара өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға прокуратура, полиция және аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ волонтерлер қатысты.

​​​​​​​

Акция барысында анықталған жазбалар бояп өшірілді. Іс-шара есірткі құралдарының таралуының алдын алуға, құқық бұзушылықтардың профилактикасына, сондай-ақ санитариялық және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған.

Сарыарқа ауданының прокуратурасы тұрғындарды бейжай қалмауға және наркограффитидің орналастырылғаны туралы анықталған фактілерді құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.