Сарыарқа ауданында Кенесары көшесі қайта жаңғыртылды

Сарыарқа ауданында Кенесары көшесі қайта жаңғыртылды
фото: видеоскрин

Астана қаласының Сарыарқа ауданында тарихи Кенесары көшесі қайта жаңғыртылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жұмыстар Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі аумақты қамтып, абаттандырылған жалпы аумақ көлемі шамамен 20 мың шаршы метрді құрайды.

Жоба аясында «Шахматшылар» және «Футболшылар» скверлері жаңартылып, жаңа шахмат үстелдері, заманауи жарықтандыру жүйесі мен қалалық жиһаз элементтері орнатылды. Барлығы 70-тен астам жарықтандыру және саябақ тіректері орналастырылды.

Көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді. Ағаштар, көпжылдық гүлдер мен сәндік бұталар, оның ішінде гортензиялар отырғызылды. Сонымен қатар, тұрғындардың барлық санатына қолайлы кедергісіз орта қалыптастырылуда.