Сақ болыңыз: интернет алаяқтарынан қорғану жолдары түсіндірілді

Сақ болыңыз: интернет алаяқтарынан қорғану жолдары түсіндірілді
фото: polisia.kz

Астанада Кибер қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу және азаматтардың цифрлық қауіпсіздік саласындағы сауаттылығын арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кезекті профилактикалық іс-шара №3656 әскери бөлімінде ұйымдастырылды. Кездесу барысында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтық пен дропперлік қылмыстардың кең таралу себептері, алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері және мұндай құқық бұзушылықтарға қатысқаны үшін көзделген жауапкершілік шаралары туралы түсіндірді.

Сонымен қатар тыңдаушыларға бейтаныс нөмірлерден келген қоңыраулар мен хабарламаларға сақтықпен қарау, күмәнді сілтемелерді ашпау, банк картасының деректері, құпия сөздер мен SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеу жөнінде кеңестер берілді. Онлайн сауда кезінде күмәнді платформаларға ақша аудармау және алаяқтық белгілері байқалған жағдайда дереу полицияға хабарласудың маңыздылығы айтылды.

Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарды интернет кеңістігінде қырағы болуға және жеке әрі қаржылық деректерін қорғауға шақырады.