«Самал» саябағына кіреберіс жолда жөндеу жүргізіледі

«Самал» саябағына кіреберіс жолда жөндеу жүргізіледі

Астанада Керей мен Жәнібек хандар көшесі жағынан «Самал» саябағына кіреберіс жолда жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Осыған байланысты осы жылдың 10-15 сәуірі аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай шектеледі.

Жүргізушілер қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруі қажет.