Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық жүргізу және өткізу мәселелері бойынша Астана қаласының сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған семинар бүгін елордада Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Іс-шарада елорда аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының, сондай-ақ қаланың учаскелік комиссияларының төрағалары мен орынбасарлары бас қосты.
Оқу семинарына учаскелік комиссия мүшелері арасынан 500-ге жуық адам қатысты. Командаларға бөлініп, қаланың әр ауданынан ортаға шыққан қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан берілген әртүрлі тапсырмаларды орындады. Семинар-тренингтің тақырыптары "Сайлау барысындағы бақылаушылардың рөлі", "Бақылаушылардың өкілеттіктері: құқықтық аспектілері", сондай-ақ "Сайлаудағы бақылау процесі" туралы болды. Тыңдаушыларға сайлау заңнамасының негізгі нормалары түсіндірілді. Олар әдістемелік материалдармен, дауыс беру және дауыстарды санау кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері бойынша нақты нұсқаулармен танысты.
- Біз сайлау процесінің барлық қатысушылары үшін оқыту семинарларын өткіземіз. Бірақ бүгінде практикалық сабақтарға баса назар аударылады, өйткені комиссия мүшелері алдағы сайлауда үлкен жұмыс атқаруы керек. Сайлау процесінің ашықтығы олардың әрекеттеріне байланысты болады, - деді ҚР ОСК электоралды оқыту ұйымының бөлім меңгерушісі Ерлан Абдақасов.
Семинар модераторы Астана қаласы бойынша аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Сайран Ысқақова қатысушыларға кейстерді талдап, қандай да бір іс-қимылдарды жүргізу алгоритмін түсіндіруді ұсынды.