Сайлау комиссиялары өз қызметінде азаматтардың дербес деректерін қорғауға ерекше мән беруі керек

Сайлау комиссиялары өз қызметінде азаматтардың дербес деректерін қорғауға ерекше мән беруі керек

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров, сондай-ақ ОСК Маңғыстау облысында болып, Құрылтай сайлауына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

 «Сайлау комиссиялары өз қызметінде азаматтардың дербес деректерін қорғауға ерекше мән береді. Бұл тәсілдің элементтерінің бірі - арнайы трафареттің пайдаланылуы. Ол бірнеше сайлау науқанынан бері қолданылып келеді. Трафараретті сайлаушылардың жалпы тізіміне қойған кезде, азамат тек өзіне қатысты дербес деректерді көреді және тиісті бағанға қол қояды. Бұл жаңашылдық сайлаушылардың деректерін қорғауды қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды деп санаймын», - деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.

Төраға сайлаушылар арасында дауыс беру кезінде есептен шығару куәліктерін пайдалану тәртібі жөнінде кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

«Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін ашық, әрі үйлесімді жұмыс істеуге, сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге және азаматтардың сайлауға қатысу конституциялық құқығын іске асыруына жан-жақты жәрдемдесуге шақырамын. Әрқайсыңыздың кәсіби әрі жауапты жұмысыңыз азаматтардың сайлау құқықтарының сақталуына, сайлаудың заңдылық және жариялылық қағидаттарының қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты», - деп қорытындылады Нұрлан Әбдіров.