Ревизиялық комиссия отырысы өтті

Ревизиялық комиссия отырысы өтті

Ревизиялық комиссия отырысында денсаулық сақтау саласындағы квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің қызмет тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері қаралды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жалпы алғанда, белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу деңгейі шамамен 70%-ды құрады.

Сонымен қатар, аудит барысында бірқатар жүйелі проблемалар анықталды, оның ішінде:


  • кадрлармен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі;

  • халықты скринингтік бағдарламалармен қамтудың жеткіліксіздігі;

  • қымбат тұратын диагностикалық зерттеулердің қолжетімділігінің шектеулілігі;

  • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі жекелеген мәселелер.


Бұдан бөлек, келесі мәселелер атап өтілді:

  • ӘМСҚ желісі бойынша қаржыландыру көлемінің төмендеуі;

  • бірқатар медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақсыздығы;

  • қолданыстағы тарифтердің жеткіліксіздігімен байланысты кредиторлық берешектің болуы.