15 наурыз күні Астанада Республикалық референдум өтетін күні қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бүгін елорда тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікті ақысыз пайдалана алады. Бұл шара азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауға және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыруға бағытталған.
Қоғамдық көлік бекітілген кестеге сәйкес штаттық режимде — сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
16 наурыздан бастап қоғамдық көлік әдеттегі режимде жұмысын жалғастырады. Жолаушыларға сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеру ұсынылады