«Құстар фестивалі» қойылымының премьерасы өтеді

«Құстар фестивалі» қойылымының премьерасы өтеді

Астанада «Қанаттылар» инклюзивті театрының «Құстар фестивалі» атты музыкалық спектакльінің премьерасы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Пьеса авторы жазушы-драматург, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дулат Исабеков. Режиссері – мәдениет қайраткері Нұрфат Вахитов. Қойылым 24-25 ақпан күндері, сағат 19:00-де «Жастар театры» ғимаратында өтеді.

Спектакльде – қоғамдағы әділетсіздік пен теңсіздікті, адамзатқа тән осалдық пен бойындағы көрсеқызар қасиетін баса алмай, білімді мен білімсіздің қалтасының қалыңдығына немесе күшіне қарап мақталатын заман құстар бейнесінде көрініс табады.