Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстаннын өзекті міндеттері" атты Жолдауында еліміздің болашағы үшін маңызды міндеттер айқындалды.
Менің ойымша, әсіресе энергетика саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуі өте орынды. Энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, электр энергиясының тапшылығын жою, жаңа қуат көздерін іске қосу және қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту – экономиканың тұрақты дамуы үшін аса маңызды.
Елімізде өндіріс дамып, жаңа кәсіпорындар ашылуы үшін ең алдымен сенімді әрі қолжетімді энергия қажет. Сондықтан бұл бағыттағы нақты жобаларды уақытылы жүзеге асыру маңызды деп санаймын.
Ең бастысы – алға қойылған мақсаттар нақты нәтижеге ұласып, халықтың игілігіне қызмет етуі тиіс.
Қуатты энергетика – қуатты экономиканың негізі.
Сұңғат Есімханов,
Құрылтай депутаты