13 қараша күні Алматы облысының Ұйғыр ауданында шет мемлекеттік туды және шет мемлекет басшылығының бейнесін өртеп, өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасаған азаматтардың топтасып, санкцияланбаған жиналысына ден қойылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Материалдарды сотта қарау қорытындысы бойынша 12 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Сонымен қатар тағы 6 қатысушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Бұл фактіге қатысты араздықты қоздыру бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полиция мемлекеттік рәміздерге қол сұғу, сондай-ақ араздық тудырып, қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға бағытталған кез келген әрекет — заңның өрескел бұзылуы екенін және мұндай фактілер қатаң заң тәртібімен тоқтатылатынын қатаң түрде ескертеді.