Қазақстандық бизнес Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын нығайтып келеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Орталық Азиядағы ең ірі 20 компанияның рейтингіне Қазақстанның 13 компаниясы енген.

Рейтингтің алғашқы жеті орнын түгелдей қазақстандық компаниялар иеленген. Олардың қатарында мұнай-газ және қаржы секторларының өкілдерімен бірге финтех пен жаңа технологиялар саласындағы компаниялар да бар.
Көшбасшылар қатарында «ҚазМұнайГаз», Kaspi.kz, «Қазатомөнеркәсіп», Freedom, Halyk Bank, Solidcore және Higgsfield компаниялары тұр.