Қазақстанда көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады

Қазақстанда көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады

Еліміздің көлік-логистикалық кешенінің қарқынды дамуын ескере отырып, орта мерзімді перспективада 25 жаңа мамандық қажет болады деп күтілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Жұмысшы мамандықтары жылы аясындағы іс-шаралар жоспары қаралды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Атап айтқанда, ол жаңа жобаларды іске асыру кезінде жобаның цифрлық аналогын және 3D-модельдеуді пайдалануды көздейтін BIM технологиясы бойынша автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялауды жобалау көзделгенін хабарлады. Бұл бағытта «ақылды жолдар» бойынша тиісті инженер-жобалаушылар, BIM технологиясында жұмыс тәжірибесі бар прорабтар, құрылыс роботтарының операторы және цифрлық жобалаушы қажет болады. Көлік-логистика саласындағы ірі тораптарды басқару үшін цифрлық логистикалық карталар конструкторы мен операторы керек.

🔵
🔵

Азаматтық авиацияда сыртқы пилоттандырылатын авиациялық жүйелердің пилоттары сұранысқа ие болады. Осыған орай, алдағы уақытта уәкілетті орган мен білім беру мекемелерімен бірге осы мамандықтарды ашу мәселесі қарастырылады.

⏩

Бүгінгі таңда 9,7 млн жұмыспен қамтылған халықтың 772 мыңы көлік секторында жұмыс істейді, оның басым бөлігі теміржол және автомобиль көлігі, логистика және қоймалау салаларына тиесілі.