Қазақстанда ғылым мен жоғары білім беру жүйесін дамыту бойынша стратегиялық бағыттар айқындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Олар: Экономиканың негізгі ресурсы ретінде адами капиталды дамыту.
Заңдылық, әділеттілік және жауапкершілік қағидаттарына негізделген конституциялық мәдениетті қалыптастыру.
Білім беру бағдарламаларын жаңғырту және халықаралық стандарттарды интеграциялау арқылы жоғары білімнің сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
Еліміздің технологиялық бәсекеге қабілеттілігінің негізі ретінде ғылым мен инновацияны дамыту.
Жаңа экономика мамандарын даярлаудың міндетті элементіне айналатын жасанды интеллект және цифрлық трансформация.
«Конституциялық нормалар адам дамуының үздіксіз жүйесін құруды талап етеді. Біз мемлекет Қазақстан азаматын оның дамуының әрбір кезеңінде: мектептен және кәсіптік бағдарлаудан бастап университетке, кәсіптік қызметке және үздіксіз оқытуға дейін сүйемелдейтін модельге көшеміз. Сондықтан ҰБТ жаңғыртылуда, таланттарды ерте анықтау тетіктері енгізілуде, кәсіптерді трансформациялаудың ұлттық орталығы құрылуда. Армияға барып келген адамдар үшін жоғары оқу орындарында оқуға гранттар бөлінеді. Біздің мақсатымыз – жәй ғана университет түлегін даярлап шығару емес, жауапты, заңға бағынатын, еңбекқор, кәсіби және жаңа білім жасауға қабілетті азаматты қалыптастыру»,
— деп атап өтті Саясат Нұрбек.
📱