Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен қатар, оны қайта өңдеу және экспорттау көлемі де артып келеді. Соңғы жеті жылда өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі 2,1 есе, ал азық-түлік өндірісі 2,4 есе өскен. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Министрлік дерегі бойынша, 2019–2026 жылдары өсімдік шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2,8 трлн теңгеден 5,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Ал мал шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 2,3 трлн теңгеден 3,8 трлн теңгеге жетіп, 1,7 есе өсті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында да өсім бар. Азық-түлік өндірісінің көлемі 1,7 трлн теңгеден 4 трлн теңгеге дейін артса, сусын өндірісі 398 млрд теңгеден 1 трлн теңгеге жетті. Осылайша, екі бағыттағы өсім тиісінше 2,4 және 2,5 есені құрады.