Қазақстанда алғаш рет тікелей эфирде партиялардың командалық теледебаты өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық телевизиялық дебат өтеді. Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі. Тікелей эфирде бірінші тарихи Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партияның өкілдері кездеседі.
«Әділет» партиясы - Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев;
ЖСДП - Лариса Ли мен Нұрайнаш Камалова;
«Байтақ» партиясы - Амалбек Өміртай мен Алмат Тұртаев;
Қазақстан Халық партиясы - Жандос Бидайбеков пен Ирина Смирнова;
«Ауыл» партиясы - Жазира Сұлтанқұлова мен Ерболат Саурыков;
«Ақ жол» партиясы - Бек-Мұхамед Жаукебаев пен Ермек Әбілдин;
Respublica партиясы - Олжас Құспеков пен Динара Шүкіжанова.
Дебатқа қатысушылар өздерінің партиясы неліктен қолдауға лайық екеніне сайлаушыларды сендіруге тиіс.
Көрермен назарына:
• сайлауалды бағдарламаларға толық талдау;
• тікелей эфирде келіп түскен ең өткірсұрақтарға жауаптар;
• дебатқа қатысушылардың пікірі бойыншасайлауалды бағдарламалардың әлсіз тұстары;
• партиялар өкілеттік мерзімі ішінде орындауға міндетті бір нақты уәде ұсынылады.
Тікелей эфир барысында көрермендер экрандағы QR-код немесе WhatsApp арқылы пікірталасқа қатысушыларға өз сұрақтарын жолдай алады.
Дебат аяқталғаннан кейін тікелей эфирде «Ашық студия» саяси ток-шоуы эфирге шығады. Сарапшылар пікірталастың негізгі сәттерін, қатысушылардың сөзін және дебаттардың сайлау науқанына ықпалын талдайды.
Алғашқы командалық теледебатты 12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінен, сондай-ақ телеарнаның ресми YouTube арнасынан көріңіздер.