Қазақстанда 13,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Қазақстанда 13,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті

Елімізде жыл басынан бергі 9 айда құрылыс жұмыстарының көлемі шамамен 7,8 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,5%-ға артты. Өңірлердің басым бөлігінде оң динамика байқалады. Атап айтқанда, құрылыс жұмыстары көлемінің елеулі өсімі Ұлытау, Атырау облыстарында және Шымкент қаласында тіркелді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 13,2 млн шаршы метрді құрады. Ал 2025 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 12,9 млн шаршы метр болған еді. Осылайша, өсім 2,7%-ды құрады. Өсім 17 өңірде тіркелді, ал ең жоғары көрсеткіштер Алматы, Маңғыстау және Павлодар облыстарына тиесілі болды.

«Министрлік өндірісті локализациялау деңгейін арттыру, қолданыстағы кәсіпорындардың жүктемесін ұлғайту және жаңа өндірістерді іске қосу арқылы өзі жетекшілік ететін салалардағы өсім қарқынының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстарды жалғастыра береді»,– деп атап өтті вице-министр.