Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» бүгін «Құндылықтарға негізделген тағылым-тәрбие негіздері: сценарий мен әзірлеме үлгілері» тақырыбында ашық алаң өткізді. Бұл жылдық жоспарға байланысты «М. Тынышбаев атындағы Астана ALT көлік колледжі» базасында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында «Тағылым мен тәрбие – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізі», «Адал азамат күнделікті әрекет айнасы: колледждегі тәрбие тәжірибесі», «Адал азамат» құндылықтарын бойына сіңірген тұлға қалыптастыру», «Қамқорлықтан құндылыққа: студенттердің әлеуметтік белсенділігін дамыту», «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы «Ұлт ажары» идеясы», »Ұлттық сана тірегі: аты аңызға айналған Роза», «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар маңызы» тақырыптарында еркін үлгіде тәжірибелік әкелген үлгілі сценарий, әзірлеме, ұсынымдарын ортаға салып, пікір тыңдалып, практикалық жұмыстар қызу талқыланды.

- Ашық алаңның мақсаты құндылыққа негізделген оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруда кураторлардың әдістемелік-тәжірибесімен бөлісуі еді. Бүгінгі шараға 1 тәрбие орынбасары мен 7 топ жетекшілері «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы құндылықтар айының мазмұнына сай тәжірибелік әзірлемелер мен әдістемелік ұсынымдар, сценарийлер арқылы тәрбие жұмысының маңызды, тиімді тәжірибелерін ортада көрсете білді, -деді М.Тынышпаев атындағы Астана ALT көлік колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Сарсенбаева.
Жиында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп» тұжырымдамаларын іске асыру, 6 құндылық пен 6 жобаның терең тәрбие тағылымы мен тәрбие негіздерін студенттің талап-тілегіне, қабылдау ықыласына лайықты маңызды және тиімді жолдары көрсетілді. Тәжірибелік алаңда 32 колледж кураторлары мен жаңа келген тәрбие орынбасарлары қамтылды.