«Барлық өнімдер Қазақ тағамтану академиясында міндетті сараптамадан өтіп, арнайы диеталық өнім ретінде тіркелді. Жоба бойынша жұмыс әзірлеу, тестілеу және сертификаттау кезеңдерін қоса алғанда үш жылға жуық уақытты алды», – деді жоба жетекшісі, NU NLA аға ғылыми қызметкері Серғазы Шыңғыс.
Адамның қажеттіліктеріне байланысты «Hormesis Oxy» жалпы атауымен үш өнім сериясы әзірленді: кәсіби спортшыларға, ересек жастағы адамдарға және спортпен тұрақты емес айналысатындарға арналған. Болашақта халықаралық нарыққа шығу арқылы өндіріс пен өнім түрлерін кеңейту жоспарлануда.
«Өнімдерде полифенолдардың бірегей қоспасы – негізінен өсімдік тектес биологиялық белсенді қосылыстар, гель түзуші агенттер, сондай-ақ адаптагендер мен актопротекторлардың шөп сығындылары бар. Біз тәттілендіргіштер мен калориялық толтырғыштарды алмастыратын пребиотикалық және диеталық талшық болып табылатын полидекстрозаны қолданамыз, бұл біздің өнімдерді қант диабетімен ауыратын адамдарға жарамды етеді», - деді формуланы тапқан ғалым.
Серғазы Шыңғыс Nazarbayev University жанындағы National Laboratory Astana-да ғылыми қызметкер болып істейді. Мұнда  жаңа дәрі-дәрмекті іздеу және зерттеу үшін арнайы құрылған зертханада ол дәрілік әсерге төзімді инфекцияларды емдеу үшін ағзаның жасушаларына антибиотиктерді жеткізудің мақсатты әдісін әзірлеуге қатысады.

Бұған дейін дамытушы ​​ғалымның жетекшілігімен көп жылғы зерттеулерден кейін нарыққа Qaynar тағамдық қоспасы түскен болатын. Ол жүрек-қан тамыр ауруларының дамуы мен асқынуын болдырмайтын жүзім полифенолдарының концентраты негізінде жасалған. Бұл қоспа тұтынушылар арасында сұранысқа ие.

Жаңа шөптік дәрі-дәрмектің өндірісі ағымдағы жылдың желтоқсан айында толық қуатқа шығады, жылына 120 мың қаптама дайындау жоспарланған. Жоба жеке инвестициялармен және ҚР Ғылым қорының қолдауымен жүзеге асырылуда, ол құрал-жабдықтар мен зерттеулерді қаржыландырды.