Қауіпсіздік ережелері ескертілді

Қауіпсіздік ережелері ескертілді

«Заң және тәртіп» нарративі аясында балалардың жазғы демалысын қауіпсіз өткізу мен оларды ақпараттандыру мақсатында елордадағы №6 мектеп-гимназиясында «Қауіпсіздік жаздың әліппесі» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шараға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, №2 қалалық емхана, ТЖД және медициналық колледж өкілдері қатысты. Шара квест-ойын форматында ұйымдас­тырылып, 6 бағыт (станция) бойынша жұмыс жүргізілді.

«Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-аналармен қатар, білім беру ұйымдары мен мемлекеттік құры­лымдардың ортақ міндеті. «Қауіпсіздік жаздың әліппесі» іс-шарасы – бұл өзектілігі жоғары, тәжірибелік мәні бар жоба» дейді №6 мектеп-гимназиясының директоры Қамажай Қуанышқалиқызы.

Іс-шара соңында Бөгенбай батыр даңғылы жағында ұзындығы 30 метрлік билборд орнатылып, балалар «Қауіпсіздік жаздың әліппесі» тақырыбы аясында жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерін                          құрастырды.