Қаржылық сауаттылық бойынша республикалық олимпиада өтеді

Қаржылық сауаттылық бойынша республикалық олимпиада өтеді
фото: Астана қаласының әкімдігі

3 қарашада еліміздің барлық өңірінде 9-11 -сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық бойынша республикалық олимпиаданың бірінші, мектепішілік кезеңі өтеді. Сайыс Smart Daryn платформасында ұйымдастырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Төрт кезеңнен тұратын олимпиада оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға және қаражатты жауапкершілікпен басқару мәдениетін дамытуға бағытталған.

Қатысушылар қаржылық қауіпсіздік, цифрлық этика, жеке және отбасылық бюджетті жоспарлау, инвестиция негіздері мен жауапты тұтыну бағыттары бойынша тест тапсырмаларын орындайды.

Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша әр ауданнан ең жоғары балл жинаған 30 оқушы екінші кезеңге жолдама алады. Аудандық кезең 14 желтоқсанда Smart Daryn платформасында онлайн форматта өтеді.

Олимпиаданы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Halyk Bank» АҚ бірлесіп жүзеге асырады.