«Отандастар қоры» КеАҚ Қазақстанда тұру, оқу, жұмыс істеу немесе саяхаттау тәжірибесі бар қандастар мен шетел азаматтарын «Бір Қазақстан – мың оқиға» халықаралық жобасына қатысуға шақырады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Егер Сіздің Қазақстанға қатысты ерекше әсеріңіз, есте қалған оқиғаңыз немесе өзгелермен бөліскіңіз келетін қызықты тәжірибеңіз болса, оны қысқа бейнеролик форматында бізбен бөлісіңіз.
Бейнеролик арқылы:
Қазақстан туралы жеке әсеріңізді;
өміріңіздегі ерекше оқиғаңызды;
Қазақстанның мәдениеті, табиғаты, адамдары немесе дәстүрлері туралы көзқарасыңызды жеткізе аласыз.
Бейнероликтің ұсынылатын ұзақтығы – 15–60 секунд (ерекше жағдайларда 3 минутқа дейін).
Бейнематериалдарды: qazalem.kz@gmail.com электрондық поштасына жолдауға болады.
Жобаға белсенді қатысып, Қазақстан туралы мазмұнды әрі сапалы контент қалыптастыруға үлес қосқан қатысушыларға Ұйымдастырушының шешімімен «Жоба амбассадоры» мәртебесі беріледі.
Бір Қазақстан – мың оқиға. Сіздің оқиғаңыз да осы жобаның бір бөлігіне айналсын!