Қала прокуратурасы күзгі демалыстар қарсаңында №83 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Кездесу барысында оқушыларға қауіпсіздік шаралары, құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын сақтау және демалыс кезеңінде қауіпсіздік ережелерін ұстану мәселелері түсіндірілді.

Сонымен қатар күнделікті өмірде кездесетін құқықтық мәселелер талқыланып, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауаптар алды. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауын қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыстардың бірі болып табылады.