Астанада қала күнінде ISMA INVEST тұрғын үй кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға ISMA ТК тұрғындары, елорда қонақтары, компания серіктестері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Шәмші Қалдаяқов көшесі, 16 мекенжайында орналасқан ISMA тұрғын үй кешені 10 блоктан және 506 пәтерден тұрады. ISMA INVEST компаниясының басқарушы директоры Комил Холиковтың айтуынша, тұрғын үй кешенінің бірнеше артықшылығы бар.
- Үй бизнес-классқа жатады, LRT желісінің бойында, қаланың ең қолайлы аудандарының бірінде орналасқан. Face ID домофон жүйесі бар. Жабық әрі қауіпсіз ауласы да ерекшелігі. Пәтерлердегі төбе биіктігі – 3,2 метр, премиум кіреберіс есіктер, заманауи әрі сапалы қымбат қасбет материалдары қолданылған. Тұрғындардың жайлы да әдемі үйде тұруы үшін барлық жағдай жасалған, - дейді ол.
Ашылу салтанатында ISMA INVEST компаниясының құрылтайшысы Акбаржон Исмаилов, Астана қаласы Ырыскелді қажы мешітінің имамы Яхияқажы Исмаилов сөз сөйлеп, жаңадан баспаналы болған елордалықтарды мерекемен және пәтерімен құттықтады. Тұсаукесерден соң келішулерге фуршет және ұлттық интерактивті байқаулар ұйымдастырылды. Кештің ең басты қонағы әнші Сәкен Майғазиев болды. Танымал өнер жұлдызының концерті көптің көңілін көтеріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар қоныс иелері арасында Samsung теледидары, LG тоңазытқышы, Samsung кір жуғыш машинасы, Midea ыдыс жуғыш машинасы және Dreame тік шаңсорғышы ойнатылды.