Прокурорлар емхана ұжымымен кездесті

Прокурорлар емхана ұжымымен кездесті
фото: видеоскрин

«Заң мен тәртіп» идеологиясынын іске асыру аясында елорда прокуратурасы Полиция департаменті және Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментімен бірлесіп №8 емхана ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында қатысушыларға Еңбек занамасы, Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексінің ерекшеліктері, нашақорлықтың алдын алу мен есірткі қылмысымен, интернет-алаяқтық және дропперлікпен күрес амалдары түсіндірілді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Медицина қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша практикалық түсіндірмелер алды.