Прокурорлар балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме өткізді

Прокурорлар балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме өткізді
фото: Астана қаласының әкімдігі

«Заң мен тәртіп» нарративі аясында Сарыарқа ауданының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерімен балалардың терезеден құлап кету жағдайларының алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық әңгіме өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында ата-аналарға қауіпсіздік шаралары, балаларды үнемі бақылауда ұстау қажеттілігі, кішкентай балаларды қараусыз қалдыруға жол бермеу, сондай-ақ терезелерге арнайы блокираторлар мен шектеуіш құрылғыларын орнатудың маңыздылығы түсіндірілді.

Сарыарқа ауданының прокуратурасы ата-аналарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және балалар үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге шақырады.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және аудан прокуратурасының тұрақты бақылауында.