Пәтерден телефон ұрлаған күдікті ұсталды

Пәтерден телефон ұрлаған күдікті ұсталды
фото: polisia.kz

Астанада Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері пәтерден ұялы телефон ұрлады деген күдікпен 39 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Тергеу барысында күдіктінің тұрғын үйдің кіреберіс есігінің құлыпталмағанын пайдаланып, пәтерге кіргені анықталды. Ол үй ішінен «Xiaomi» маркалы ұялы телефонды жасырын түрде алып, оқиға орнынан кеткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын көлемі 100 мың теңгені құрады. Күдікті ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, істің барлық мән-жайы анықталуда. Полиция азаматтарға пәтер мен тұрғын үй есіктерін міндетті түрде құлыптап, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.