Палуандар белдесті

Палуандар белдесті

Астанада «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама беретін іріктеу кезеңі өтті. «Астана Барысы» қалалық іріктеу турниріне жүзден астам палуан қатысты. Шаршы алаңда шеберлік танытқан спортшылар әр салмақ бойынша белдесті. Республикалық кезеңге өткен үздік екі палуан елорда намысын қорғайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

-    Бүгін «Қазақстан барысы» турниріне іріктеу жүріп жатыр. Жүзге тарта палуан күресуде. 55 келі салмақтан бастап, жүзден жоғары салмақтағы палуандар бақ сынасуда. Әр салмақ бойынша жеңіске жеткен балаларға бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Ал, нағыз жеңімпаздар қола, күміс, алтын белбеуді иеленеді, -деді Қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы Астана қаласының аға жаттықтырушы Мәрлен Ақтаев. 

«Астана Барысы» қалалық іріктеу турнирінің жыл сайын болатынын ескерсек, бозкілемнің шаңын қаққан палуандар айқасы ұлттық спортты дамытуға бағытталған.