Астана қалалық мәслихат төрағасы Табиғат Зейнұлқабден Қазақстан Республикасы Құрылтайының I шақырылым депутаттары – Кендебай Адамбек, Замир Сагинов және Жұлдыз Данбаевамен кездесті.
Кездесу барысында Астананың өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, қалалық инфрақұрылымды дамыту, қалалық ортаның сапасын арттыру, заңнаманы жетілдіру және елорда тұрғындарының өміріне тікелей әсер ететін бастамаларды іске асыру мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар Астананың қарқынды дамуы мен жаңа міндеттерді ескере отырып, елорданың мәртебесіне қатысты заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселесі сөз болды.
Кездесуде депутаттық жұмыс тәжірибесімен алмасып, Құрылтай аясындағы алдағы жұмыс бағыттары да талқыланды. Бұл ретте мәслихат пен Құрылтай депутаттарының өзара тығыз байланысы елордадағы өзекті мәселелерді тиімді шешуге және тұрғындардың мүддесін ескеретін бастамаларды ілгерілетуге мүмкіндік беретініне назар аударылды.