Қазақ тағамтану академиясы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен бірлесіп «Қазақстан Республикасы халқының «Тағамдық денсаулық индексі» белгісін және тамақ өнімдерінің қаптамасындағы ақпаратты қабылдауын зерттеу» тақырыбында әлеуметтік сауалнама жүргізеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды: мұндай таңбалау қаншалықты түсінікті, көзге көрінетін және тамақ өнімдерін неғұрлым саналы таңдауға көмектеседі?
Сауалнама анонимді, қатысу ерікті және оны толтыруға бірнеше минут қана уақыт кетеді.
Сауалнамаға Қазақстан Республикасының 15 жастан асқан тұрғындары шақырылады.
Сауалнамаға қатысу: https://ee.kobotoolbox.org/single/f906212138f83e15705005f346f849ef?returnUrl=https://tally.so/r/RGQk8p
Сіздің пікіріңіз өнімдердің құрамы мен тағамдық құндылығы туралы ақпаратты халыққа түсініктірек етуге және дұрыс тамақтану үшін пайдалы өнімдерді таңдауға көмектеседі.